Қазақстанда қаңтар-қыркүйекте мұнай өндіру 0,8% -ға артты

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ - 2019 жылы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда мұнай өндіру 0,8%-ға артты, делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
 «Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде мұнай өндірісі 58,1 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8% жоғары», - делінген есепте.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың тоғыз айында 8,9 млн. тонна газ конденсаты өндірілді (-8,1%), табиғи газ – 16,6 млн. текше метр (-2,9%), көмір – 78,99 млн. тонна (-2,7%) өндірілген.

adimage