Қазақстанда қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 1,8% өсті

Күні: 09:45, 05-02-2019.

Алматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – 2019 жылғы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 915 теңгені құрады, бұл алдыңғы айдағы көрсеткіштен 1,8% жоғары, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,5%, жемістер мен көкөністерді – 8,3%, нан және жарма өнімдерін – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады», - деліген ҰЭМ хабарында.


Жаңалықтармен бөлісу: