Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда қаңтарда қысқа мерзімді экономикалық индикатор шамамен 103% құрады, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 102,9% құрады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
Қазақстанда қаңтарда қысқа мерзімді экономикалық индикатор шамамен103% құрады
