Қазақстанда қаңтарда желтоқсанға қарағанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 1,1% өсті

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі Т30 034 құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2020 жылғы қаңтарда алдыңғы аймен салыстырғанда 1,1%-ға жоғарылады»,- делінген ҰЭМ хабарында.
Статақпарға сәйкес, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 19,3%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа – 12,2%, жемістер мен көкөністер – 8,2%, нан және жарма өнімдері – 8%, қант, шай және дәмдеуіштер -1,8% және балық -1,8% құрады.

adimage