Қазақстанда ағымдағы аптада қызылшаның 430-дан астам жағдайы тіркелді

Күні: 18:44, 06-03-2019.

Астана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 27 ақпан мен 6 наурыз аралығында қызылшаның 438 жағдайы тіркелді, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен (ҚДСК).
«Өткен аптада республикада (2019 жылғы 27 ақпаннан бастап 2019 жылғы 6 наурыз аралығында) қызылшаның 438 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 282 (65%). Республиканың барлық өңірлерінде қызылшаның тіркелуі байқалады, атап айтқанда Астана қаласында соңғы аптада қызылшаның 99 жағдайы тіркелген. Бүгінгі күні республика бойынша 186 науқас, оның ішінде Астана қаласында 15 науқас ем алуда», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, бүгінгі таңда республика бойынша 186 науқас емделіп жатыр, оның ішінде Астанада – 15 науқас.
Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанушылық көбінесе егілмеген балалардың арасында тіркеліп отырғанын, ол 60%-дан астамды құрайтынын, сондай-ақ егу мәртебесі белгісіз, яғни 20 жастан асқан адамдардың арасындағы сырқаттанушылықтың үлес салмағы жоғары – 28% екенін, Жандарбек Бекшин атап айтты. Балалар мынадай себептермен егілмеген: егу жасына толмауы (1 жасқа толмаған) – 56%, медициналық себептермен кейінге қалдырулар (жіті аурулар және созылмалы аурулардың асқынуы, окнологиялық аурулар, орталық жүйке жүйесі ауруларының ауыр үдемелі аурулары) – 31%, вакцинациядан бас тарту –13%.
«Егілмеген адамдардың арасында қызылшаның тіркелуі вакцина сол аурулардан, оның ішінде егудің көмегімен алдын алуға болатын қызылшадан қорғаудың ашық мысалы екендігін атап айту керек. Соған байланысты, инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген адамдарды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 8529 адам егілген», - деп атап өтті ҚДСК.
«Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы вакцинаның 478 мың доза қосымша көлемін сатып алуға 580,9 млн. теңге көлемінде қаражат бөлді. Қызылшаға қарсы вакцина келіп түскеннен кейін шамаман ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық нәрестелерді, яғни күнтізбелік мерзімнен (12 айлықтан) ерте, сондай-ақ медицина қызметкерлерін вакцинациялауды жоспарлап отыр» - деді Жандарбек Бекшин.
Егулер күнтізбелігіне сәйкес (1 жастағы және 6 жастағы балалар) жоспарлы тәртіппен, оның ішінде инфекция ошақтарында (30 жасқа дейін егілмеген адамдар) қызылшаға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Тұрғындардың осы топтарын иммундау үшін вакцинаның жеткілікті көлемі бар.
«Вирустық инфекциялар бойынша, оның ішінде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жас балалары бар аналарға, сондай-ақ әртүрлі себептермен (баласының денсаулығы жағдайы, егу жасына толмаған, вакцинациядан бас тарту және т.б.) профилактикалық егу алмаған барлық адамдарға қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақтанғанға дейін адамдар көп жиналатын жерлерге (сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, ХҚО және т.б.) барудан бас тартқан жөн» -деп ұсыным білдірді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.


Жаңалықтармен бөлісу: