Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға Т120 млрд бөлінеді

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға 120 млрд теңге бөлуді тапсырды.
«Жалпы қоғамдық денсаулық сақтау және алғашқы медико-санитарлық көмек қызметінің шығындарынденсаулық сақтау саласын жалпы қаржыландырудың көлемін бүгінгі 40%-дан 60%-ға арттыру керек», - деді Назарбаев сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі барысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, сапалы денсаулық сақтау саласына қол жетімділікті қамтамасыз ету керек.
«Осы міндетті дамытуға қосымша 120 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді президент.

adimage