Қазақстанда алдағы 3 жылға ғылыми зерттеулерге Т27,7 млрд бөлінді

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ – Т27,7 Қазақстанда алдағы 3 жылға ғылыми зерттеулерге Т27,7 млрд бөлінді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Ұлттық ғылыми кеңестер гранттық қаржыландыру бойынша үшжылдық кезеңге жалпы сомасы 28,6 млрд теңгеге 1096 жобаны мақұлдады. Жыл сайын — 9,5 млрд теңге. Алдағы үш жылға ғылыми зерттеулерді мақсатты қаржыландыруға 27,7 млрд теңге бөлінді», - деп хабарлады сейсенбіде  ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік мониторинг жүргізу басқармасының басшысы Раушан Мұқышева.
Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы айтқан ол білім және ғылым министрлігінің 2018–2020 жылдарға арналған гранттық бағдарламалар мен ғылыми зерттеулерді мақсатты қаржыландыру конкурстарын жариялағанын жеткізді.
«Жалпы ғылымды дамытудың жеті басымдығы бар. Мәселен, «Табиғи ресурстарды, оның ішінде суды тиімді дамыту. Геология және қауіпсіз өнімдер мен құрылымдар бойынша жаңа материалдарды қайта өңдеу» бағыты бойынша 302 жоба, «Энергетика, машина жасау» бағытында — 84, «Ақпараттық–телекоммуникациялық, ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулер» — 170 жоба, «Өмір және денсаулық ғылымы» бағытында — 5 жоба, «АӨК тұрақты дамыту» — 78 жоба, «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» бағыты бойынша — 25 жоба мақұлданды», - деді Р. Мұқышева.

adimage