Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт суытады

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт суытады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Алдағы үш тәулікте жылы ауа райынан кейін Қазақстанның басым бөлігінде cуытады. Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді», - делінген сәрсенбіде таратылған 29 қараша 1 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамында.
Бірақ суықтың басып кіруінің алдында Қара теңіздегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар, республиканың солтүстік жартысы арқылы жылжып, қар жауу, бұрқасын, күшті батыс желін, оңтүстік жартыда – тұман және көктайғақ шақырады.

adimage