Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы одан әрі төмендей береді

Астана. 24 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы одан әрі төмендей береді, деп хбарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Арктикалық антициклон батыс аймақтарды қоспағанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі. Батыста Атлантика циклонының ықпалынан ауа температурасының күндіз оң мәндерге дейін жоғарылауы күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамында.
Қазақстанның жекелеген өңірлерінде қар жауады, шығыста және оңтүстік-шығыста қар мол түседы. Ал батыста, 27 ақпан күні оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжануда.
«Жалпы ел бойынша кей жерлерде тұман, бұрқасын, екпінді жел күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage