Қазақстанда алдағы үш күнде бұлыңғыр ауа райы сақталады

Күні: 12:23, 15-10-2018.

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда 16-18 қазан араығында бұлыңғыр ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа райында өзгеріс болмайды. Бұрынғысынша, Орал аймағынан бірінен соң бірі жылжып келе жатқан ауа ағындарының ықпалында болады», - делінген синоптиктердің хабарында.
Сондықтан да республика облыстарының көпшілігінде жаңбыр, қар жауады, оңтүстіктегі тауларда және оңтүстік-шығыста кей жерлерде күшті жауын-шашын, көктайғақ болады, тұман түседі. Көп өңірлерде ауа температурасы түнде 0 градустан минус 8°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз 0,...+8, оңтүстік облыстарда +2...+13 айналасында болады. Бұл климаттық нормадан 3...6°С төмен.


Жаңалықтармен бөлісу: