Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр күтіледі

Астана. 30 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар 31 наурызда Қазақстанның батыс өңірлерінің және шығыс бағытта жылжуына қарай, республиканың қалған аумағының ауа райын анықтайды, елдің оңтүстік бөлігі бүкіл кезең ішінде Оңтүстік циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, Қазақстанның солтүстік-батысында түнгі уақытта жауын-шашын күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған 31 наурыз 2 сәуір аралығына таратылған хабарда.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

adimage