Қазақстанда алдағы үш тәулікте қар жауады, бұрқасын, қатты жел және күннің жылуы күтіледі

Күні: 13:02, 06-02-2019.

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда 7-9 ақпанда қар жауады, бұрқасын, қатты жел және күннің жылуы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның батыс облыстарына жылжып келе жатқан атмосфералық фронттар Қазақстаннын басым бөлінігдегі қатты аязды тудырған арктикалық ауа массаларымен бірге антициклонды ығыстыра бастайды. Алдағы екі тәулікте республиканың басым облыстарында аномальді суық ауа райы сақталады. Бірақ атмосфералық фронттардың шығысқа қарай ауысуымен, республикамызда қайтадан қар жауу, бұрқасын, күшті батыс желі және температураның жоғарылауы күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: