Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – 26-28 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ресейдің Еуропалық бөлігінен және Орталық Азия аймағынан жылжитын атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікке Қазақстанның басым облыстарындағы ауа райын анықтайтын болады. Солтүстік облыстардың кей жерлерінде қар, бұрқасын, қатты екпінді жел, оңтүстікте жауын-шашын болуы мүмкін, ылғалды қар, тұман және көктайғақ. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын күтіледі, ал кей жерлерде одан жоғары», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

adimage