Қазақстанда алдағы үш тәулікте бірқалыпты аязды және айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 27 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте бірқалыпты аязды және айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанда орналасатын антициклонның ықпалынан ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және 1…4°С-қа төмен бірқалыпты аязды және айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - делінген 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамында.
Түнде және таңертең жолдың көрінуін 100-500 метрге дейін нашарлататын тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.

adimage