Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн салқындайды деп күтілуде

Күні: 15:35, 10-02-2020.

Астана. 10 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн салқындайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы ығысатын арктикалық суық фронттар қардың жаууын, бұрқасын, күшті солтүстік-батыс желін, оңтүстік облыстарында – жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудыратын болады. Оның шығысқа қарай ығысуынан Қазақстанның батыс облыстарында да күн суытады», - делінген 11-13 ақпанға арналған дүйсенбіде таратылған ауа райы болжамында.
Шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы минус 25…33°С-қа дейін төмендейді.
«Алайда Атлант мұхитынан жылжыған циклондар суықтың ұзақ ұстап тұруына жол бермейді. Кезекті циклонмен 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: