Қазақстанда алдағы үш тәулікте тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райымен қар күтіледі. Тек еліміздің батыс, оңтүстік, орталығында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік – шығыста тұман болады деп күтілуде», - делінген 10-12 желтоқсанға арналған жұма күні таратылған ауа райы болжамында.
Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 7-20-дан 5-15-ке дейін, солтүстік-батыста 18-30-дан 12-22-ге дейін, солтүстікте 17-30-дан 10-26-ға дейін, орталықта 20-30-дан 18-28-ге дейін, еліміздің дің шығысында 15-35-тен 12-25-ке дейін, оңтүстікте 10-30-дан 7-20-ға дейін аяз жоғарылайды, оңтүстік-шығыста 12-25 аяз күтіледі.

adimage