Қазақстанда алдағы үш тәулікте температураның көтерілуі күтілуде

Астана. 14 маусым. ҚазТАГ- Қазақстанда алдағы үш тәулікте температураның көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.
"Батыста, солтүстік-батыста күндіз +30+40-қа дейін, солтүстікте +30+35 - ке дейін, орталықта, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында +25+38-ге дейін, оңтүстікте +35+40-қа дейін температуралық фон біртіндеп көтеріледі деп күтілуде", - делінген дүйсенбіде таратылған 15-17 маусымдағы ауа райы болжамында.
Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл болады.

adimage