Қазақстанда алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

Күні: 13:04, 19-08-2019.

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанға Батыс Сібір өңірлерінен суық атмосфералық фронттармен циклон ығысып, олардың республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы жылжуымен кей жерлерде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюін тудырады, бұршақ жаууы және температураның төмендеуі ықтимал. Батыста және оңтүсікте жауын-шашынсыз, бірақ оңтүстікте ыстықтың орташа көпжылдық мәнге дейін бәсеңдеуі күтіледі», - делінген 20-22 тамызға арналған дүйсенбіде таратылған ауа райы болжамында.



Жаңалықтармен бөлісу: