Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынға қарамастан, қатты аяздар күтілмейді

Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынға қарамастан, қатты аяздар күтілмейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен атмосфералық фронттар бірінен кейін бірі Қазақстан аумағы арқылы өтіп, өзімен бірге дымқыл және жылы ауа массаларын алып келеді. Сондықтан жауын-шашынға қарамастан, республикада қатты аяздар күтілмейді», - делінген 9-11 қаңтарға арналған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, күн қысқа мерзімге суытып, кейін көп ұзамай солтүстік-батыстық тропосфералық ағымдар оңтүстік-батысқа ауысып, ауа температурасы қайта жоғарылайды.
«Осыған орай, Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ және көру мүмкіндігі 500 метрден аспайтын тұман сақталады», - деді синоптиктер.

adimage