Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 16:23, 01-07-2019.

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«40 градустық ыстықтың басылуы және найзағаймен өткінші жаңбыр Қазақстанның оңтүстік өңірінде күтіледі. Бұл Оңтүстік Орал мен республиканың батыс аймақтарынан ығысатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады», - делінген дүйсенбіде таратылған 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамында.
Ал солтүстік облыстарына, ақпарға сәйкес, фронттармен бірге жоғарыдағы циклон ығысып, Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің дауылды күшеюін, бұршақ және ауа температурасының орташа көпжылдық мәннен төмендеуіне алып келеді.


Жаңалықтармен бөлісу: