Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның ауа райына антициклонның ықпалы алдағы үш тәулікте де сақталады. Сондықтан республикада демалыс күндерінде аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз күтіледі, күндіз ауа 15…23°С-қа дейін, оңтүстік облыстарында 18…27°С-қа дейін жылынады, бірақ солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі аяздар сақталады», - делінген 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамында.

adimage