Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Шілде айының ортасы жаздың ең қызу кезеңі. Алдағы үш тәулікте ауа райы жаздағыдай ыстық және жауын-шашынсыз күтіледі. Күндіз термометрдің сынап бағаналары плюс 30-38°С дейін, ал кей жерлерде плюс 40…43°С дейін көтеріліп, орташа көпжылдық мәннен жоғары болады. Тек батыста өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін, бірақ республиканың басқа аймақтарындағыдай сонда да ыстық», - делінген 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамында.

adimage