Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы жылы күндерден кейін ауа райы күрт салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Орта Азия аудандарынан жылжыған циклон республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жаңбыр мен қар әкеледі. Соған байланысты көктайғақ болып, тұман түседі, шығыста қарлы боран соғады. Алдағы күндері ауа температурасы аздап көтеріледі, 11 қаңтарда, әсіресе Қазақстанның шығыс аудандарында күрт төмендейді», - делінген 10-12 қаңтарға арналған сәрсенбіде жарияланған ауа райы болжамында.
11 қаңтардан бастап Қазақстанның шығыс аудандарында күрт төмендеп, түнде минус 30...37 градусқа дейін аяз болады.
«Республиканың солтүстік және орталық облыстарына жоғары атмосфера қысымының ықпалы жүріп тұрғандықтан, тек кей аудандарда ғана қар жаууы мүмкін, ал түнде ауа температурасы минус 28...35 градусқа дейін төмендейді. Батыс облыстарда аздаған аяздан кейін күн жылынып, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін», - деді синоптиктер.
Қазақстанда алдағы жылы күндерден кейін ауа райы күрт салқындайды
