Қазақстанда «Альфа-Банк» сыйақы төлеу ісі бойынша бұрынғы қызметкерлерден сотты женді

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – «Альфа-Банк» ББ АҚ сыйақы төлеу ісі бойынша Қазақстанда бұрынғы қызметкерлерден сот ісін жеңіп шықты, деп хабарлады қаржылық мекеменің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 24 қыркүйегінде ҚР Жоғарғы соты бұрынғы қызметкерлерінің талабы жөніндегі іс бойынша Альфа-Банк пайдасына шешім қабылдады. Бұрын олар 47 млн теңгеге жуық сомаға орынсыз бонусты талап еткен және БАҚ күмәнді ақпарат жариялау арқылы соттың шешіміне ықпал етуге тырысқан. ҚР Жоғарғы соты сондай-ақ талапкерді нақты келтірілген сот шығындарын төлеуге міндеттеді. ҚР Жоғарғы сотының қаулысын түпкілікті үлгіде шығарғаннан кейін жуық арада барлық қабылданған қамтамасыз етуші шаралар сонымен қатар Банктің бірінші басшысының ҚР шығуын уақытша шектеу жойылады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Қаржылық мекеме, «заң бойынша тиесілі негізгі жалақы, заңнама талаптарына сәйкес толық көлемде бұрынғы жұмыскерлерге төленгендігін» еске салды.
«Атап айтсақ, банктің сыйақылары Банктің Ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес банктің басқарушысының қарауы бойынша ғана жұмыскерлерге беріледі. Альфа-Банк ірі халықаралық банктік топқа кіреді, бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Банк ҚР заңнамасының талаптарын сақтайды және барлық қабылданған міндеттемелерді толық көлемде орындайды. Барлық жоғарыда аталған сот процестерінде Альфа-Банк заңды шекте әреукет етті», - деп атап өтті қаржылық мекемеден.
Бұған дейін хабарланғандай, ресейлік «Альфа-Банк» ББ АҚ бұрынғы қызметкерлер тобы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз жалақыларын төлеу жөнінде жүгінген еді. Олардың айтуынша, олардың Елбасы төрағалық ететін президент жанындағы қауіпсіздік кеңесіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Жоғары сот пен бас прокуратураға жүгінулеріне Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьялары Тимур Жұмамұратов пен Досбол Әкетаевтың шешімдері себеп болған. Қаржылық мекеменің бұрынғы қызметкерлерінің айтуынша, олар «әдейі заңсыз актілер шығарған, соның салдарынан Қазақстан азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделері бұзылған».

adimage