Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанда аналар өлімін азайту үшін кешенді жоспар қабылданды, деп мәлім етті Қазақстан премьер-министрі Ерболат Досаев.
«Соңғы 10 жылда аналар өлімінің 2,6 есе және былтыр 5,4% азайғанына қарамастан, әзірге бұл мәселеде айтарлықтай және оң динамика жоқ. Сондықтан жағдайды жақсарту үшін қаңтарда әйелдерді сауықтыру шаралары, медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықпен жабдықтау, медқызметкерлерді жаппай оқыту шаралары қарастырылған кешенді-жедел жоспары бекітілді», - деп мәлім етті Е.Досаев сәрсенбідегі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол сондай-ақ, ауруханалардағы кезектілікті қысқарту және қолжетімділікті арттыру үшін 1 142 жаңа дәрігерлік учаске, 97 жаңа МЖЖЕ нысаны құрылғанын, дәрігерге онлайн жазылу енгізілгенін айтты.
«Нәтижесінде емханалардағы адамдар кезегі екі есе қысқарған. Азаматтардың 90%-ның электронды денсаулық паспорты бар, елдегі барлық медициналық мекемелер толығымен электронды құжат айналымына көшті», - деп атап өтті Е. Досаев.
Қазақстанда аналар өлімін азайту үшін кешенді жоспар қабылданды
