Қазақстанда қандай маркетплейстерлер бұғатталады?

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ- Қазақстанда қандай маркетплейстерлер бұғатталатыны белгілі болды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Салық кодексінің жаңа нұсқасында шетелдік маркетплейстерге салып салуды реттейтін нормалар бар. Сондай-ақ, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген және бақылау нәтижесінде берілген ескертулерді жоймаған маркетплейстерді бұғаттау мәселесі де қарастырылған», - деп жауап берді Жұманғарин депутаттардың сауалына.

Оның айтуынша, Қазақстанда онлайн тауар сатып, қызмет көрсететін шетелдік компаниялардан алынатын қосымша құн салығы 2022 жылдан бастап енгізілген.

«Қазіргі таңда елімізде 105 шетелдік компания тіркелген. Олардың арасында Apple, Amazon, Alibaba, Aliexpress, Adobe, Ebay, Google, iHerb, Huawei, Meta (Facebook, instagramm), Netflix, Nintendo, Pinduoduo, TaoBao, TikTok, Temu, Samsung, Sony, Zoom бар»,- деп қосты Жұманғарин.

Естеріңізге салайық, 26 ақпан күні «Ақ жол» депутаттық фракцияс депутаттық фракциясы бірнеше ұсыныс жасады:

1) Шетелдiк маркетплейстердің Қазақстанның салық органдарында мiндеттi тiркелуі туралы талапты енгiзу;

2) Үндістан үлгісіне сүйене отырып, шетелдік маркетплейстер үшін қазақстандық платформалармен және өндірушілермен ынтымақтасу міндеттемесін енгізу мәселесін қарастыру;

3) Қазақстандық тұтынушылардан алынған табысқа ҚҚС және басқа да салықтарды міндетті түрде төлеуді енгізу;

4) Шетелдік сауда желілері арқылы жүзеге асырылатын бажсыз сауданың параметрлерін төмендету немесе жою мәселесін қарастыру;

5) Отандық Е-коммерцияны және оның қатысушыларын мемлекеттік қолдаудың шараларын әзірлеу, оның ішінде халықаралық төлем жүйелерімен интеграциялау, қызметтер мен логистиканы ұйымдастыруға жәрдемдесу және басқа да қадамдар.

Фото көзі: Фото из открытых источников


adimage