Қазақстанда қантты әкелуге квоталар бөлінді

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда қантты әкелуге квоталар бөлінді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
««Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы қыркүйектің 15 нен 21 күніне дейін өтінім берушілерден өтінімдер қабылдау қорытындысы бойынша сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге 42 400 тонна мөлшерінде квоталар бөлінді», - делінген хабарда.
Бөлінбеген ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталардың көлемі 36 144тоннаны құрайды.

№ Сыртқы сауда қызметіне қатысушының атауы Тауардың атауы СЭҚ ТН коды Саны Өлшем бірлігі
1 2 3 4 5 8
Құрамында қанты бар өнімдер өндірушілер
1 «Баян Сулу» АҚ ақ қант 1701 99 100 4 000 тонна
2 «ASSELAGRO» ЖШС ақ қант 1701 99 100 12 500 тонна
Ішкі нарықта өткізу үшін
3 «Ак-Сауран» ЖШС ақ қант 1701 99 100 12 500 тонна
4 «Fergus Kazakhstan» ЖШС ақ қант 1701 99 100 3 500 тонна
5 «Ержан-Мухаммед» ЖШС ақ қант 1701 99 100 3 300 тонна
6 «Шығыс-Астық-Нан» ЖШС ақ қант 1701 99 100 3 300 тонна
7 «Quantim Green Technology ЖШС ақ қант 1701 99 100 3 300 тонна

adimage