Қазақстанда қару-жарақты көліктің қаптамасына жасырып заңсыз әкелу деректері тіркеліп отыр

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ- Қазақстанда қару-жарақты көліктің қаптамасына жасырып заңсыз әкелу деректері тіркеліп отыр, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркеліп жатыр. ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады. Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген», — делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

ҰҚК қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Жыл басынан ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі. Бұл қарудың едәуір бөлігі «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 қару тәркілеген). Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді»,- деп қосты комитетте.

Фото көзі: Пресс-служба КНБ РК.


adimage