Қазақстанда ауқымды инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жарияланады – Назарбаев

Күні: 18:28, 22-10-2014.

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда  ауқымды инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жарияланады, деп мәлімдеді мемлекет басшысы    Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР президентінің   баспасөз қызметінің ақпарынша, Н.Назарбаев сәрсенбіде Астана активімен кездесу барысында ауқымды инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жарияланатынын мәлімдеді.

«Бізге елордасынан елдің барлық өңіріне қарай сапалы автомобиль жолдарын көптеп салу қажет. Құрылыс жұмыс орындары мен кәсіпорындар тапсырысын қамтамасыз етеді, ел экономикасының көлемін кемітпеуге мүмкіндік береді. Үкімет осы мәселемен айналысып жатыр, оны жүзеге асыруға Астана да атсалысуы тиіс», - деп келтіреді баспасөз қызметі Н.Назарбаевтың мәлімдемесін.  


Жаңалықтармен бөлісу: