Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан республикалық тас жолдың төрт бөлігінде қозғалыс жабылды

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан республикалық тас жолдың төрт бөлігінде қозғалыс жабылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Ауа райының қолайсыздығынан төрт бөлікте қозғалыс жабылды: Өскемен-Риддер- РФ шекарасы, 15-105 км (Белоусовка-Риддер) (тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлігі үшін); Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы, 15-105 км (Глубокое-Шемонаиха) (тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлігі үшін); Семей-Қайнар, 8-144 км (Семей-Саржал) (тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлігі үшін); Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы, 105-123 км (Шемонаиха- РФ шекарасы)», - деп хабарлады сәрсенбіде «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Хабарда атап өтілгендей, республикалық маңыздағы тас жолдарда 773 техника жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, Ұлттық компания жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, белгіленген жылдамдықты асырмауды, қозғалыс ара қашықтығын сақтауды және негізсіз орағыту мен бірден тежегішті басудан бас тартуды ескертті.
«Сонымен қатар, жолға қысқы дөңгелекпен ғана шығу керек. Күтпеген жағдай орын алған кезде сіздер әрдайым 1403 қысқа нөміріне хабарласа аласыздар», - делінген хабарда.


adimage