Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан республикалық тас жолдың төрт бөлігінде қозғалыс жабылды

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан республикалық тас жолдың төрт бөлігінде қозғалыс жабылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Ауа райының қолайсыздығынан төрт бөлікте көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды: Омск-Майқапшағай, 910-1002 км (Қалбатау-Көкпекті); Өскемен-Риддер- РФ шекарасы, 15-105 км (Белоусовка-Риддер)(жүк көлігі мен қоғамдық көлік үшін); Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы, 15-105 км (Глубокое-Шемонаиха) (жүк көлігі үшін); Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы, 105-123 км (Шемонаиха-РФ шекарасы)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, республикалық маңыздағы тас жолдарда 523 техника жұмыс жасап жатыр.
Ұлттық компанияда жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, белгіленген жылдамдықты асырмауды, қозғалыс ара қашықтығын сақтауды және негізсіз орағыту мен бірден тежегішті басудан бас тартуды ескертті.
«Сонымен қатар, жолға қысқы дөңгелекпен ғана шығу керек. Күтпеген жағдай орын алған кезде сіздер әрдайым 1403 қысқа нөміріне хабарласа аласыздар», - делінген хабарда.


adimage