Қазақстанда ауылдарды дамытуға арналған жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға Т90 млрд бөлінеді

Күні: 19:16, 27-02-2019.

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыл-ел бесігі» жаңа жобасын әзірлеуді тапсырды.
«Ауылдардың табыс табуға, жақсы өмір сүруге өз әлеуеті бар. Және ол үшін қайта өңдеуші өнеркәсіпті дамыту керек. Үлгі бола алатын ауылдар да бар. Соған байланысты үкіметке «ауыл –ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырамын», - деді «Нұр Отан» партиясының съезінде сөз сөйлеген Назарбаев.
Ол атап өткендей, жаңа жобаны қаржыландыруға 2019-2021 жылдарға Т90 млрд көлемінде қаржы бөлінетін болады.
«Мен бұл жастарды ұстап қалуға көмектеседі деп ойлаймын (ауылдарда – ҚазТАГ)», - деді президент.
Астанада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі басталды. Бұған дейін хабарланғандай, съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданады, партиялық органдардың есебі қаралады, сондай-ақ партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы таңдалады.
Еске салсақ, 21 ақпанда Назарбаев сол кезде жұмыс жасап жатқан министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімін айтқан болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жақын арада өтетін съезде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру және өмір сапасын жақсарту бойынша бірқатар шаралар ұсынатынын мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: