Қазақстанда ауылдық мұғалімдерді әлеуметтік қолдау жергілікті әкімдік қарауында қалып отыр

Күні: 16:07, 28-11-2019.

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстанда ауылдық мұғалімдерді әлеуметтік қолдау жергілікті әкімдік қарауында қалып отыр, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов.
«Жергілікті атқарушы орган (ЖАО) шешімі бойынша енгізілген бірнеше норма бар (мұғалімдерді қолдау). Олардың бірі – ауылдық елді-мекенде жұмыс жасағаны үшін қызметтік жалақысына 25% қосу, ол бойынша барлық өңірде шешім қабылданды. Басқа қолдауға келсек, атап айтсақ, отын сатып алу бойынша бүкіл республикада ол бірдей орындалмауда, талқылау барысында (міндетте ретінде – ҚазТАГ) қолдауға ие болған жоқ. Дегенмен біз динамиканы қарап отырмыз – Қарағандыда, Павлодарда, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл проблеманы шешу бойынша жақсы динамика бар», - деді Аймағамбетов бейсенбідегі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының талқылауында.
Коммуналдық қызмет төлемі (бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу) бойынша ауыл мұғалімдерін әлеуметтік қолдау мәселесін ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Айзада Құрманова көтерді. Оның айтуынша, бұл қолдау әр өңірде әр түрлі орындалуда, ауылдық мұғалімдерге арналған заңдағы әлеуметтік кепілдік бір өңірде қолданылса, екінші өңірде бюджет қаражатының жетіспеушілігінен қолданылмауы мүмкін.

Бастапқы фотосурет: из открытых источников


Жаңалықтармен бөлісу: