Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда автомобиль өндірісі үшін берілетін несие бойынша мөлшерлеме жарты жылда 4%-ға өсті, деп хабарлады Ұлттық банк.
«Автокөлік құралдары өндірісіне арналған банк кредиттерінің орташа пайыздық мөлшерлемесі 2022 жылғы ақпандағы ең төмен 12,3%-дан тамызда 16,4%-ға дейін өскен», - делінген Ұлттық банктің ресми сайтындағы есепте.
Есепке сәйкес, тамызда автокөлік құралдарын, трейлерді және басқа да көлік құралдарын шығаруға 16,4% мөлшерлемемен Т34,7 млрд несие берілген, оның ішінде 16,5% мөлшерлемемен қысқа мерзімдісі – Т33,7 млрд, 15,7% мөлшерлемесімен ұзақ мерзімдісі – Т1 млрд.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08