Қазақстанда автомобиль жасау үлесі машина жасау саласының төрттен бірін құрайды

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда автомобиль жасау үлесі машина жасау саласының төрттен бірін құрайды, деп мәлім етті индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов.
«2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 19,2 пайызды құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 205,9 млрд теңгені және 32 298 көлік құралын құрады. Ал 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 25,4 пайызға дейін өсті.. Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 114,7 млрд теңге сомасына 16 921 бірлік көлік құралдары шығарылған», - деді Ержанов сәрсенбідегі брифингте.
Сонымен, жеңіл автомобильдер өндірісі 41,5%- ға (11 118 бірліктен 15 733 бірлікке дейін), автобустар 3,2 есеге (126-дан 404 бірлікке дейін), жүк автомобильдері 35%-ға (367-ден 495 бірлікке дейін) және тіркемелер мен жартылай тіркемелер 35%-ға өсті (200-ден 270 бірлікке дейін).
«Автомобильдер өндірісінің өсуінің себебі - нарықтағы сұраныстың қалыпқа келтірілуі, экспорттық нарықтың ашылуы (2018 жылы 239 авто, 2019 жылдың 5 айында 524 авто экспортталған), мемлекет тарапынан жеңілдікпен автонесиенің берілуі мен автобус паркін жаңарту бағдарламасы аясында лизингке автобустарды сату, осының барлығы автомобиль өндірісі саласының дамуына жақсы ықпал еткен», - деді вице-министр.
Мәселен, автобустарды лизингке сату бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2018 жылы Т13 млрд бөлінген, оның Т10 млрд сомасы автобустарға бөлінген.
«2019 жылдың 1 муасымында бағдарлама бойынша Т13,3 млрд игерілген, Атырау, Семей, Шымкент, Павлодар қалаларында автобус паркін жаңартудың төрт жобасы қаржыландырылған және 571 бірлік автобус сатылған. Аталмыш бағдарлама аясында 2019 жылы республикалық бюджеттен Т23,5 млрд бөлінді», - деді спикер.
Автомобиль өнеркәсібін ары қарай дамыту үшін ИИДМ басшысының орынбасары қосымша жобаларды іске қосу арқылы көлемді өндіріске назар аудару маңызды деп санайды.

adimage