Қазақстанда автомобильдердегі дәрі-дәрмектер қобдишасында болуы тиіс дәрілер тізімі өзгерді

Күні: 13:21, 03-11-2014.

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Куба Туратбеков. Қазақстанда автомобильдердегі дәрі-дәрмектер қобдишасында болуы тиіс дәрілер тізімі өзгерді, деп мәлім етті ҚР фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының жетекшісі Зурият Сыбанқұлова.
«Автомобильдердегі дәрі-дәрмектер қобдишасы қайта жасақталды. Ол туралы бұйрық ҚР әділет министрлігінде және министр оған қол қойды. Дайын бола салысымен олар баспасөзге және «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне береді. Енді автомобильдердегі дәрі-дәрмек қобдишасы жақсы болар деп сенемін», - деді Зурият Сыбанқұлова дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.  
Оның айтуынша, «дәрі-дәрмек қобдишасында дәрілер болмайды, онда сутегі тотығы, таңғыш, көк дәрі (құтыда емес, биомаркер түрінде), жара таңғыштар, бұласыр (пластырь), жіп немесе рәзіңке бұрау салғыш (жгуты) және басқалар» болады.
«Ал кеторолак, хлоропирамин, хлоргексидин, нитроглицерин, валидол сынды дәрілерді тізімнен алып тастады. Қобдишада 1 жұп медициналық қолғап пен кәдімгі қарапайым қайшы қалдырылды», - деді ол.
БАҚ-тар хабарлағандай, «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» №368-ші бұйрықты денсаулық сақтау экс-министрі Салидат Қайырбекова министрлікті қайта құрмай тұрып қол қойған.
Тізімге жүрек ауырғанда, талып қалғанда, ыстықты төмендететін, ауруды басатын, шошынуға қарсы қолданылатын, антистресстік дәрілер, сондай-ақ уланған кезде және көзге зақым келгенде қолданылатын дәрілер енді. Бірақ осы тізімдегі жекелеген дәрілер қобдишада болмайтын және тек дәрігерлердің рұқсатымен сатылатын.


Жаңалықтармен бөлісу: