Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ – Жаһандық ғаламтор желісінің қазақстандық сегментінде қазақ тіліндегі NEGE.KZ ақпараттық-талдамалы порталы түрлі ақпараттың көзі болып отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жаңа ақпарат ресурсының пайда болғаны туралы автобус аялдамасында кездейсоқ білдім. Ол жерде, түсінгенімше, студенттер бірнеше ай бойы көптеген митингілер өтіп жатқан Гонконгтан қазақстандық студенттердің мерзімінен бұрын оралуын талқылап жатты. Ол жаңалықты қайдан білгендері туралы сұрадым, олар смартфонды көрсетіп, NEGE деген жаңа сайтты көрсетті. Ол орысша аударғанда ПОЧЕМУ? дегенді білдіреді» - дейді біздің журналист.
Сол мезетте айфон арқылы NEGE.KZ кірдім. Бірден айтайын, ұнады: дизайны да, жаңалықтарды ұсынуы да. Бөлімдері – әлем, ел, саясат, экономкиа, мәдениет, спорт. Тақырыптарын қарап шықтым, ал бұл жерде редакция бір ғана сұрақ қояды: неге Нұр-Сұлтанда газ қымбат? Неге әншілер кино түсіргенді жақсы көреді? Неге ортақ валюта болмайды? Неге Гонконгтан студенттер оралды? Мультимедиялық бөлімдерге де назар аудардым, сапасы жақсы видео бар және тағы бір жаңалық – көбі ұмыт қылған карикатура, оны дарынды суретші Ғалым Смағұл салған.
Шығарылу мәліметтеріне де назар салдым, ол жерде де бәрі орнында – құрылтайшысы NEGE Media, мемтіркеуі де бар. Редакциямен байланысқым келген, ол жерде тек мекенжайы мен электронды поштасы ғана тұр. Енді қарсы сұрақ қойғым келеді: неге ақпараттық портал қызметкерлерімен байланысу үшін телефон көрсетілмеген?
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі28 Наурыз 2024, 10:17
-
Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді28 Наурыз 2024, 09:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03