Қазақстанда азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеу есебінен шығару қызметі онлайн түрінде қол жетімді

Күні: 13:10, 24-12-2018.

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда жылжымайтын мүлік иелеріне eGov арқылы тіркеуден шығару қолжетімді, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ баспасөз қызметінен.
«24.12.18 ж.,«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Тұрғын үй иесінің өтініші бойынша азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Енді, әрбір жылжымайтын мүліктің иесі үйден шықпай, пәтердегі тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеу есебінен шығару мүмкіндігі бар», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Баспасөз қызметінде түсіндірілгендей, ол үшін eGov.kz порталындағы қызметке өтіп және жылжымайтын мүліктің орналасқан өңірін таңдау жеткілікті.
«Бұл ретте, өтінішті растау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) фронт-офистеріне жүгінудің қажеті жоқ», - деді «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметінен.
Бұл ретте атап өтілгендей, аталмыш қызметті алу үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет.
«Қызметтің нәтижесімен «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде танысуға болады. Қызмет көрсету нәтижесі азаматтың тіркеуден шықан мәртебесі көрсетілетін құжаттың дайындығы туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады», - делінген хабарда.
Бұрын осы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ғана көрсетілгенін атап өту қажет.
«Егер де, тіркелген жеке тұлғалардың мекенжай мәліметтерінде мекенжайды тіркеу коды (МТК) болмаған жағдайда, онда осы тұлғалар тіркелген тұлғалар тізімінде көрсетілмейтіндігіне назарыңызды аударамыз».- делінген хабарда
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады.


Жаңалықтармен бөлісу: