Қазақстанда қазан айында «Іздестіру – 2018» ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өтеді

Күні: 12:03, 28-09-2018.

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда қазан айында «Іздестіру – 2018» ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазанның 1-і мен 5-і аралығында Қазақстанда Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына мүше мемлекеттерінің барлау қызметтері мен бөлімшелерінің күштері және құралдарымен тактикалық арнайы оқу-жаттығу өткізілетін болады. Оқу-жаттығуға әскери басқару органдары, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның барлау және арнайы мақсаттағы күштердің бөлімшелері тартылды. Халықаралық оқу-жаттығуда Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын Десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының топтамалары қорғайды», - делінген жұмада таратылған хабарда.  
Командалық-штабтық оқу-жаттығу бағдарламасында қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің әскери барлау және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің біріккен топтамасын басқару жаттығуын өткізу.
«Оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі 1 қазан күні «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонында өтеді», - делінген хабарда.
«Іздестіру-2018» халықаралық тактикалық арнайы оқу-жаттығуы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Жауынгерлік бауырластық-2018» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: