Қазақстанда қазанда отандық туризмнің Топ-10 нысанының таныстырылымы болады

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда қазанда отандық туризмнің Топ-10 нысанының таныстырылымы болады.
«Қазанда туристік инвестициялық форумда Қазақстан тарихында алғаш рет  халықаралық инвесторлар үшін Қазақстан туристік нысандары Топ-10 таныстырылымы болады», - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дүйсенбідегі үкімет сағатында.  
Оның айтуынша, сондай-ақ, топ-10 нысаны Петропавлда Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ағымдағы жылдың 8-9 қарашасында өтетін «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудағы жаңа беталыстар мен үдерістер» тақырыбындағы Қазақстан мен Ресей басшыларының қатысуымен болатын 16-шы форумда таныстырылады.

adimage