Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда қазанда теңге-доллар жұбы бойынша $13 млрд валюталық операция жүзеге асырылды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы қазанда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 387,90–390,12 теңге аралығында өзгерді. 2019 жылғы қазанның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,2%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 388,71 теңге болды. Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 13,0 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,1 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 10,9 млрд АҚШ доллары болды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Бұл ретте, бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 69,3% (2019 жылғы қыркүйекте 69,5%) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды.
«Аталған операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді», - деді Ұлттық банктен.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17