Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстанда Азия елдері жазушыларының форумы өтеді, деп хабарлады мемлекет басшысы баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады. (…) Қазақстан Президентіне әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет биыл елімізде өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық мәселесі жайлы баяндады», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Соңында Мемлекет басшысы Жазушылар одағының жұмыстарына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24
-
Жоспарда Алтын Орда тарихы мен Жошы хан туралы фильмдер түсіру - Бектенов26 Сәуiр 2024, 14:09
-
Алматы облысында өрт сөндіру автосатысын сатып алуға Т587,5 млн жұмсау жоспарлануда26 Сәуiр 2024, 11:33
-
Шымкентте полиция қызметкерлерінің атын жамылған күдіктілер 10 жылға сотталуы мүмкін26 Сәуiр 2024, 11:23