Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің бағасы 5,1% қымбаттады

Алматы. 3 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің бағасы желтоқсанда (2018ж. желтоқсанында 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда) 5,1% өсті, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
Статақпарға сәйес, нан-тоқаш өнімдері мен жарма, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсыз және алкогольді сусындар қымбаттаған, ал жемістер мен көкөністер арзандаған.
Жарманың бағасы түрлі бағытта өзгерді. 2015 жылдың желтоқсанында күріштің орташа бағасы Т318/кг болды, ал 2017 жылдың желтоқсанында Т291 болатын, қарақұмық жармасы – Т247, бір жыл бұрын Т316 болған.
2018 жылдың желтоқсанында құмшекердің орташа бағасы Т243/кг, ал 2017 жылдың желтоқсанында – Т202 болды.
Көкөністер арасынан картоптың орташа бағасы 2018 жылдың желтоқсанында Т86/кг (2017ж. желтоқсанында – Т117), қырыққабат – Т101 (Т78), жуа – Т77 (Т94), сәбіз – Т98 (Т116).

adimage