Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің жылдық бағасы қыркүйекте 9,1% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
Нан өнімдері мен жарма, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, көкніс, кондитерлік өнімдері, алкогольді және алкогольсіз өнімдердің бағасы қымбаттаған.
Қант, жаңадан әкелінген жемістер – арзандаған.
Жарма өнімдерінің бағасы түрлі бағытта өзгерді. 2019 жылдың қыркүйегінде күріштің орташа бағасы 2018 жылғы қыркүйектегі Т310/кг қарағанда Т382/кг құрады, ал қарақұмық жармасы – сәйкесінше Т251 орнына Т244 болды.
Ұнтақ қанттың орташа бағасы 2019 жылдың қыркүегінде Т222/кг болдыы, ал 2018 жылдың қыркүйегінде – Т231/кг.
Ет пен ет өнімдері арасында 2019 жылдың қыркүйегіне сиыр еті Т1748/кг (2018 жылдың қыркүйегінде – Т1519/кг), қой еті – Т1646 (Т1435), жылқы еті – Т1971 (Т1723), шошқа еті – Т1436 (Т1290), жартылай ысталған шұжық – Т2117 (Т1949; тауық еті – Т823 (Т689).
Қатысты сілтемелер
-
Әл-Хусейния сарайында Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
19 Ақпан 2025, 17:15 -
Тоқаев Әл-Хусейния сарайына келді
19 Ақпан 2025, 17:00