Қазақстанда бұрқасын салдарынан бірқатар тас жол жабық

Күні: 19:25, 04-03-2019.

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар тас жолдарында қозғалыс жабық немесе шектелді, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінен.
«Қарағанды облысы: 4 наурызда сағат 17:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағыт бойынша ауыр және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу қойылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ведомство ақпарынша, Астана қаласы 4 наурызда сағат 11:40-тан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран) «Астана-Киевка» жолының участогында («Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 42-51 шақырымы) барлық көлік түрі бойынша жол жабылды.
Ақтөбе облысы 4 наурызда сағат 11:40-тан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран) «Ақтөбе-Астрахан» (175-330 шақырымына, Шұбарқұдықтан бастап Атырауға дейін); «Ақтөбе-Орынбор (24-99 шақырымы, Хлебодоровктан РФ шекарасына дейін); «Белогорка-Қарабұтақ» (773-965 шақырымы, Белогорка кентінен Қарабұтаққа дейін); «Қобда-Орал» (526-615 шақырым, Қобдадан БҚО шекарасына дейін) жолдарының участоктарында жолдар жабылды;
Қостанай облысы 4 наурызда сағат 18.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Денисовка-Жітіқара-РФ шекарасы» республикалық тас жолының участогында (82-174 шақырымы, Жітіқара-РФ шекарасы) жол жабылды.
Батыс Қазақстан облысы 4 наурызда сағат 17:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самар-Шымкент» республикалық тас жолының участогында (394-526 шақырымы, Жымпиты кенті - Ақтөбе облысының шекарасы) жол жабылды.
Хабарда айтылғандай, БҚО Көлік құралы және автокөлік жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, қар тазалау жұмыстарына байланысты облыстық маңыздағы келесі жолдар жабылған: 1 наурыздан бастап «Ақсай-Жымпиты» (40-159 шақырымы), «Федоровка-Ақсай» (0-82 шақырымы), «Тасқала-Аққурай-Болашақ» (0-157 шақырымы), «Ақсай-Шыңғырлау» (0-86 шақырымы), «Анката-Сарыөмір» (0-64 шақырымы). 4 наурыз сағат 09:00-ден бастап «Орал-Тасқала-РФ шекарасының 31-104 шақырымдық участогы, сағат 10:30-дан бастап «Шыңғырлау-Лубенка-Сегізсай» жолының 0-104 шақырымы, «Барбастау-Ақжайық-Индер» жолының 0-108 шақырымы, «Жымпиты-Қаратөбе» жолының 0-103 шақырымы жабық.


Жаңалықтармен бөлісу: