Қазақстанда балабақшалардағы кезекші топтар карантин кезінде жұмыс жасайды

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда балабақшалардағы кезекші топтар карантин кезінде жұмыс жасайды, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов
«Кезекші топтар бойынша бірден айта аламын – кезекші топтар бойынша біз тыйым салмадық, біз оларға рұқсат бердік. Бүгінде олар жұмыс жасауға құқылы. Кезекші топтар дегеніміз қазіргі таңда ата-аналары жұмыс жасап жүргендер. Сондықтан оларға балаларын бір жерге тастап кету керек қой. Бұл көптеген ата-ананың өтініші болатын. Біз олардың өтінішін қанағаттандырдық», - деді Тоғжанов бейсенбідегі брифингте.
Еске салсақ, 29 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды. 30 шілдеде карантиннің ұзартылғаны туралы ресми түрде хабарланды.

adimage