Қазақстанда балалар медиациясын енгізу ұсынылуда

Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанда балалар медиациясын енгізу ұсынылуда, деп санайды ҚР-да бала құқығы жөнінде өкілетті тұлға Сәуле Айтпаева.
«Балалар медиациясы секілді бірдеме құру ұсынылуда, (...) бұл медицияға құрметті азаматтар, еңбек қайраткерлері, мәслихат депутаттары және тағы басқалары қосылуы керек», - деді С.Айтпаева дүйсенбідегі үкіметтің баспасөз мәслихатында.  
Бұл ретте ол атап өткендей, балалар құқығын қорғау үшін орталық деңгейде бірқатар шаралар қабылданады, «бірақ жергілікті орындарда заңдардың орындалуы және қабылдануы жеткіліксіз».  
«Әсіресе оқушының немесе арызданушы азаматтың проблемасы бар кезде жергілікті биліктің, денсаулық сақтау органдарының сындарлы емес әрекеті маңызды рөл атқарады», - деп түсіндірді балалар омбудсмені.


adimage