Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстанда балалар сауықтыру лагерлеріне жолдама құны Т10 мыңнан Т40 мың аралығында құбылып тұр, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.
«Жалпы республика бойынша 236 қала сыртындағы лагерь жұмыс жасап жатыр, оның ішінде 143-і жергілікті атқарушы орган иелігінде, 93 - і жекеменшік. Жолдама құнын сәйкесінше ЖАО және құрылтайшылар белгілейді. Бүгінде ол Т10 мыңнан Т40 мың аралығында құбылып тұр», - деді Асылова сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Қала сыртындағы лагерлерде әлеуетті және тегін демалуға келер болсақ, вице-министрдің айтуынша, мұндай құқыққа жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, ерекше қажеттілікке ие балалар, сонымен қатар оқуда үздік нәтиже көрсеткендер ие болады.
«Осы лагерлердің барлық базасы, олардың бағалары көрсетіліп қана қоймай, сонымен қатар мекеме басшылары, мекен-жайлары, басқа да байланыс мәліметтері қазіргі таңда балалар құқығын қорғау комитетінің сайтында орналастырылған. Алғаш рет ағымдағы жылы ұлттық білім беру мәліметтер базасында жаз мезгілінде және жыл бойына (жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлер бар) сауықтырудан өтетін балалар туралы ақпарат толтырылады», - деді Асылова.
Сонымен қатар ол 235 қала сыртындағы лагерден басқа республикада жазда мектеп жанындағы 11 мың лагерь жұмыс жасап жатыр және 1757 – палаталы және киіз үй лагерлері бар.
«Сондай-ақ, біз алғаш рет ЖОО базасында түрлі салалар бойынша жазғы академиялық мектептер ашып жатырмыз – қазір 10 шақты ЖОО өздеріне осындай міндетті алды. Бізде мұндай тәжірибе болды, бірақ кең көлемде емес», - деді Асылова.
Қазақстанда балалар сауықтыру лагерлеріне жолдама құны Т10 мыңнан Т40 мың аралығында құбылып тұр
