Қазақстанда балалар үйлері балаларды қолдау орталығына өзгертіледі

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда балалар үйлері өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығына өзгертіледі, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Атап өту керек, бүгінгі таңда балалар үйлерінің саны 140-тан 107 бірлікке азайды. Сонымен қатар оларды өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығына өзгерту жүргізіліп жатыр. Балаларды отбасына беру процесінің ашықтығын қамту үшін 2016 жылдан бастап жетім балалардың республикалық мәліметтер банкі қалыптастырылды», - деді дүйсенбі күні білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжілістегі 2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың алдын-ала қорытындысы туралы үкімет сағатында.
БҒМ басшысының ақпарынша, әлеуметтік жетімдікті төмендету бойынша жұмыстарды жандандырудың арқасында балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 31%-ға қысқарған.

adimage