Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда балаларды асырауға арналған алиментті өндіріп алу ісін қарау жеңілдетіледі, деп хабарлады әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Балаларды асырауға алимент өндіріп алу, медиативтік келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралатын болады, онда қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі», - делінген хабарда.
Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске енгізілген.
Қазақстанда балаларды асырауға арналған алиментті өндіріп алу ісін қарау жеңілдетіледі
